Иран лаңкестердің Сириядағы қылмысын айыптады
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы лаңкестердің сенбі күні Сирияда жасаған жантүршігерлік қылмысын айыптап, Сирия халқы мен үкіметіне және осы шабуылдан қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми сенбі күні кешке: «Лаңкестердің Сирияда Фуе мен Кафриада қоршауда қалғандарды тасымалдап бара жатқан автобустарға шабуыл жасап, ондаған қорғансыз әйел-баланы қанға бөктіруі лаңкестер мен оларды демеушілердің жиренішті тарихындағы тағы бір сорақы парақ болады..
Осы қанішер топтарды демеуші үкіметтер мен кейбір адам құқығын қорғаушы ұйымдардың қылмысқа екіқырлы қатынас көрсетуі, қылмыскерлерді жақсы-жаман деп бөлуі және олар әлсірегенде оларға ашық та жасырын түрде көмек көрсетуі лаңкестердің одан ары дөрекіленіп, аса қорқынышты қылмыстарды жобалауына себеп болды. Кеше соның бір үлгісіне куә болдық»,-деді.
Сирияның Алеппо облысындағы әр-Рашидин аймағында Фуе мен Кафриа тұрғындарын тасымалдаған керуен арасында бомба қойылған көліктің жарылуы салдарынан кемінде 118 адам қаза тауып, 224 адам жараланды.
Батыс пен кейбір аймақтық елдердің қолдауына ие «Ахрар әш-Шам» лаңкестік тобы осы лаңкестік шабуылдың жауапкершілігін өз мойнына алды.