Теһранда Сирия бейбітшілігі жөніндегі мамандандырылған отырыс басталды
https://itolqyn.com/news/iran-i26230-Теһранда_Сирия_бейбітшілігі_жөніндегі_мамандандырылған_отырыс_басталды
Астана отырысы шеңберінде Сирия бейбітшілігі жөніндегі мамандандырылған отырыс сейсенбі күні таңертең Теһранда басталды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 18, 2017 21:56 Asia/Almaty
  • Теһранда Сирия бейбітшілігі жөніндегі мамандандырылған отырыс басталды

Астана отырысы шеңберінде Сирия бейбітшілігі жөніндегі мамандандырылған отырыс сейсенбі күні таңертең Теһранда басталды.

Сирия бейбітшілігі жөніндегі мамандандырылған отырыс Сириядағы ымыраны нығайту туралы келіссөз жүргізуді күн тәртібіне қойып, Иран, Ресей, Түркия мамандары мен БҰҰ өкілінің қатысуымен Теһранда өтті.

Сирия бейбітшілік келіссөздері осы уақытқа дейін үш рет Қазақстанның елордасы Астана қаласында осы отырыстың бастамашылары Иран, Ресей және Түркияның, сонымен қатар Сирия үкіметі мен қарулы топтардың делегациялары мен БҰҰ бас хатшысының өкілі Стаффан де Мистураның қатысуымен өткен болатын.

Сирия жөніндегі төртінші Астана отырысы 2017 жылы 3-4 мамырда өтеді деп хабарланып отыр.