Рухани шәһидтер күнін атап өту жиынында сөз сөйледі
ИИР президенті "Шәһидтер барлық ирандыққа Иранның аймақ пен әлемде мақтаныштың үлгісі болуы керектігін үйретті" деді.
ИИР президенті Хасан Рухани Теһранда шәһид күнін атап өтудің үшінші жиынында: «Шәһидтердің өсиетнамасының үндеуі жанкештілік пен жанпидалық, ислам дінін қорғау, бірлік пен тұтастық және Иранның аймақ пен әлемде мақтаныштың үлгісі болуы керектігін үйретуінде» деді.
Рухани шәһидтерді Иранның үлкен күш-қуаты мен байлығы деп атап: «Шәһидтер жанкештілік пен шәһидтіктің сабағын Құран мен пайғамбар әулетінен және төзімділік пен қарсыласу мәдениетінен үйренді.
Ирандағы ислам революциясының жеңісі ислам нұры мен ахлақ және бауырластықтың қоғамға таралуы үшін орын алды» деп мәлімдеді.
Рухани шәһид күнін атап өтудің үшінші ұлттық съезінде шәһид қоры тарапынан шәһидтердің өсиетнамасы негізінде жарыққа шыққан бірнеше кітаптың тұсауын кесті.