АҚШ пен сионистердің ИИР-на қарсылығының себебі ислам дінінде
(last modified Wed, 26 Apr 2017 09:14:21 GMT )
Сәу 26, 2017 15:14 Asia/Almaty
  • АҚШ пен сионистердің ИИР-на қарсылығының себебі ислам дінінде

Иран Ислам революциясының жетекшісі сейсенбі күні Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.)-ның беғсатының жылдығына орай жүйе басшылары және исламдық елдердің елшілерімен кездесуінде АҚШ пен сионистердің Иранда Исламның айқындау болып, олардың дүниеқоңыздығының алдын алатындығына байланысты Ислам республикасына қарсылық білдіретіндіктерін қуаттады.

Аятолла Хаменеи үстемшілдердің Исламға  дұшпандық білдіруінің себебін түсінуді исламдық елдер басшыларының міндеті деп атап: «Исламдық үкіметтер АҚШ-тың бір исламдық мемлекетті қолдап, басқа исламдық мемлекетке дұшпандық білдіру мақсатының ислам әлемінің бірлігінің алдын алу және мұсылмандарды  исламдық қоғамдардың мүдделеріне жеткізетін ортақ жолға түсірмеу екенін түсінуі қажет»,- деді. Ол Исламның адамзат қоғамның дамуы мен өркендеуіне теңдессіз әсер ету күші, материалдық және рухани өркениет құру  мүмкіндігі және зұлымдық пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру құдыретін үстемшілдердің қасиетті Ислам дініне дұшпандық білдіруінің негізгі себептері деп атап: «Исламның атымен лаңкестік топтар құрып, исламдық елдердің арасына іріткі салу АҚШ пен сионистік режимнің қастықтары. Талан-таражға салушылар аймақтың кейбір үкіметтерімен бірігіп, әрекеттерін жалғастыру үшін ИИР олардың дұшпандары етіп көрсетуге талпыныс жасауда. Алайда барша зорлық-зомбылық жасаушыларға қарсы бірлік пен табандылықтың ислам әлемін алға  ілгерілететін жол екенін түсінуі керек»,- деп баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі сонымен бірге Ирандағы президенттік сайлаудың үміткерлеріне: «Халыққа елдің істерін алға ілгерлетіп, экономиканы дамытып,  мәселелерді шешу үшін Иранның шекараларының сыртына қарамау туралы уәде беріңдер»,- деді.

 

 

Тегтер