Израильдің Сирияға үсті-үстіне басқыншылығы лаңкестерді күшейту мақсатында жасалып отыр
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми: "Сионистік режимнің Сирияға үсті-үстіне басқыншылығы бұл елдің территориялық тұтастығын бұзу болып табылады әрі халықаралық заңдарға қайшы келеді және лаңкестерді күшейту мақсатында жасалып отыр",- деп мәлімдеді.
Бахрам Ғасеми жұма күні сионистік режимнің Сирияға үсті-үстіне жасап жатқан басқыншылық шабуылдарын айыптап: "Бұл шабуылдардың Сирияның заңды үкіметін әлсірету мақсатында және БҰҰ-на мүше тәуелсіз елдің билігін әшкере түрде бұзып, әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы жасалғаны айдан анық",- деді
Иран СІМ ақпарат хатшысы халықаралық қауымдастықтан, әсіресе БҰҰ-нан әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті бұзушы Израильдің басқыншылықтарына қатысты үнсіздік танытпай, олардың қайталануының алдын алу үшін барынша күш салуды сұрады.
Сионистік режим бейсенбі күні Дамаск әуежайының оңтүстік-батысында орналасқан Сирия әскері базаларының біріне бірнеше зымыран атып, шабуыл жасаған болатын.