Ирандағы президенттік сайлаудың үміткерлері әлеуметтік мәселелер жайлы бағдарламаларын баяндады
(last modified Sun, 30 Apr 2017 02:02:23 GMT )
Сәу 30, 2017 08:02 Asia/Almaty
  • Ирандағы президенттік сайлаудың үміткерлері әлеуметтік мәселелер жайлы бағдарламаларын баяндады

Иран президенттік сайлауының он екінші кезеңінің алты үміткері алғашқы пікірсайыста әлеуметтік мәселелерді басқару туралы әлеуметтік тақырыпты қамтитын жоспарларын баяндады.

Иран президенттігіне алғашқы үміткер Мұстафа Ағамирсалим жұма күні кешке сайлау алдындағы пікірсайыс кезінде тұрғындардың қаланың айналасындағы нашар, лас жерлерді заңсыз мекендеуінің ең маңызды себебі туралы сауалға: "Оның шешім жолы жерді пайдалану, су ресурстары мен шөлейттенумен күресті дұрыс пайдалану саясаттарына қайта оралу болып табылатын көптеген әлеуметтік, мәдени және экономикалық мәселелерге ұластырды",- деп жауап берді.

Президенттікке екінші үміткер Ибрахим Раиси де әлеуметтік әділеттің дамуы мен қоғам тотпары арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған бағдарламалары мен стратегиясы туралы: "Әлеуметтік әділет исламдық республика жүйесінің маңызды мақсаттарының бірі болған. Қоғамдық топтар арасындағы алшақтықты азайту стратегиясы қоғамның төменгі топтарынан құралған ауылды мекендерге төленетін жәрдемақы көлемін арттыру және табыстары төмен адамдардан алынатын салық мөлшерін азайту болды",- деді.

Ирандағы президенттікке үшінші үміткер Мұстафа Хашеми Таба тұрғын үй, әсіресе жас отбасылардың тұрғын үй мәселесін шешу туралы бағдарламасы жайлы: "Тұрғын үй мәселесі жұмыспен қамту, несие беру және кішігірім тұрғын үйлер салу арқылы шешіледі. Бұл экономиканың өсіп, ұлттық табыстың артуынсыз жүзеге аспайды",- деді.

Президенттікке төртінші үміткер Хасан Рухани «Жастардың отбасы құру мәселесі мен үйлену көрсеткіштерінің артуы жұмыспен қамтуды талап етеді. Әлеуметтік және басқа мәселелердің шешілуі келешекке деген үміт тудыру болып табылады. Қазір қоғамдағы жұмыспен қамтуға байланысты жағдай жақсарған. Халық болашаққа үміт артады",- деп мәлімдеді.

Ирандағы президенттікке бесінші үміткер Исхақ Джахангири бюрокартияны азайту және атқарушы билік органдарының тиімділігін арттыруға бағытталған өзінің бағдарламасы жайлы сұраққа: "Кез келген дамудың алғышарты әлеуметтік капитал мен халықтың хабардарлығын арттыру болып табылады. Бұл халықтың ризашылығы мен қанағаттануын арттыру аясында электронды үкімет арқылы толығымен іске асуы тиіс",- деп жауап берді.

Президенттікке алтыншы үміткер Мұхаммад Бағер Қалибаф ауаның ластануы, климаттың ауысуы, құрғақшылық пен шаң-тозаң секілді қоршаған орта мәселелерін шешетін стратегия мен бағдарламалары жайлы: "Экономикалық дағдарыстар әлеуметтік мәселелер саласына айтарлықтай әсерін тигізді. Қоршаған орта дағдарысы да Иранның баяғыдан келе жатқан түйткілдерінің бірі. Ол сыртқы және ішкі шаң-тозаң дауылдары мен осал басқарудың салдары",- деді.