Мәртебелі жетекші Гүлстан облысындағы кен орнындағы апатқа байланысты көңіл айтты
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Гүлстан облысындағы кен орнында болған жарылыс оқиғасында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтып: «Апатқа ұшырағандарды құтқару үшін тиісті шара қолдану керек» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бүгін, бейсенбі күнгі жолдауда: «Кеншілердің бірқатарының жан тапсырып, тағы бір тобының қиындықтармен бетпе-бет келуіне соқтырған Гүлстан облысындағы кен орнында болған апат мені қайғы- мұңға батырды» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сондай- ақ, Гүлстан облысындағы кен орнында қалған кеншілерді құтқару үшін барлық тиісті шараларды қолдану қажеттігін қуаттап, олардың отбасылары үшін сабыр мен тыныштық, шахтаның ішінде қамалып қалған кеншілерге Алланың жәрдемін тіледі.