Зарифтің Жаңа Зеландияда тұратын ирандықтардың алдында сөйлеген сөзі
https://itolqyn.com/news/iran-i2683-Зарифтің_Жаңа_Зеландияда_тұратын_ирандықтардың_алдында_сөйлеген_сөзі
Иран Сыртқы істер министрі: "Иран халқы парасаттылықпен жуықтағы сайлауларға жаппай қатысып, жауыздарды үмітсіздендірді. Осылайша әлем жұртшылығына ислам республикасымен келіссөз жүргізіп, ынтымақтастық жасау керек екенін көрсетті" деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 13, 2016 18:39 Asia/Almaty
  • Зарифтің Жаңа Зеландияда тұратын ирандықтардың алдында сөйлеген сөзі

Иран Сыртқы істер министрі: "Иран халқы парасаттылықпен жуықтағы сайлауларға жаппай қатысып, жауыздарды үмітсіздендірді. Осылайша әлем жұртшылығына ислам республикасымен келіссөз жүргізіп, ынтымақтастық жасау керек екенін көрсетті" деді.

ИРНА- ның Веллингтоннан хабарлауынша, Оңтүстік- Шығыс Азия мен Океания елдеріне кезекті сапарының бесінші кезеңінде Жаңа Зеландия астанасы Веллингтонға келген Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Жаңа Зеландияда тұратын ирандықтармен өткен отырыста: «Иран халқы Иранға қарсы санкция кеңістігін бұзып, жағдайды осы елмен ынтымақтастыққа қарай жетеледі. Осы жағдайды ойдағыдай пайдалану керек. Саудия үкіметінің Иранға қарсы қоқан- лоққы кеңістігін күшейтуге тырысып жатқанына, тіпті Иранды қиындыққа душар ету үшін мұнай бағасын күрт төмендеткеніне қуә болып отырмыз, алайда халық және ислам республикасы басшыларының қырағылығымен осы астыртын әрекет сәтсіздікке ұшырап отыр.

Бағымызға орай, мұнай бағасының төмендеуі мұнай табысына иек артуды 50 пайыздан шамамен 33 пайызға төмендетті. Шын мәнінде, Саудия және оның Парсы Шығанағындағы әріптестерінің экономикасы құлдырап, қарыз алуға дейін жетті» деді.