Саудиялықтардың сөздері үстемшілдердің мәселе тудыру жолындағы талпыныстарын көрсетеді
(last modified Tue, 09 May 2017 08:46:56 GMT )
Maм 09, 2017 14:46 Asia/Almaty
  • Саудиялықтардың сөздері үстемшілдердің мәселе тудыру жолындағы талпыныстарын көрсетеді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Лариджани Сауд Арабиясы Қорғаныс министрінің Иранға қарсы сөздеріне реакция білдіріп: «Саудиялықтардың сөздері үстемшілдердің аймаққа мәселе тудыру жолындағы талпыныстарын көрсетеді»,- деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани сейсенбі күні Мәжілістің ашық отырысында: «Кейбір мемлекеттер аймаққа мәселе тудырмақ. Кейбір саудиялық басшылардың жуырдағы сөздері жауап қайтаруды қажет етпегенімен, үстемшілдердің аймаққа мәселе тудыру жолындағы талпыныстарын көрсетеді. Мұсылмандардың арасына іріткі салуды көздейтін мемлекеттердің әрекеттері сионистер үшін жағдай тудырды»,- деді.

Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы соныен бірге АҚШ басшыларының ядролық тақырыпқа қатысты уәждеріне тоқталып: «Америкалықтардың  бұл негізсіз уәждері сан рет сайлаулар мен халықтың оған жаппай қатысуымен бұл қастандықтардың жойылатынын қуаттаған Ислам революциясының жетекшісі тарапынан ескертілген болатын. Мамырдың 19 күні Иран халқы бірауыздан дауыс беруге қатысып, дұшпанның қастандықтарына қарсы тұрады»,- деп қуаттады.