Саудиялықтар Иранға қарсы орынсыз шара қолданса, өкінетін болады
Иран ислам республикасы үкіметінің ақпарат хатшысы Сауд Арабиясы Қорғаныс министрінің Иранға қарсы мәлімдемесіне көрсеткен реакцияда: «Саудия үкіметі осы сөздерін іске асыруға қадам жасаса, Иран оларды айтқаны үшін өкінетіндей қадам жасайтын болады» деді.
Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі Мұхаммад Бин Салман 2 мамыр күні: «Иран аймақта өзінің ерекше саясатын ілгерілетіп отыр. Осындай жағдайда Сауд Арабиясы Иранмен түсіністікке жетпейді. Сауд Арабиясының шекараларындағы соғысты Иранның ішіне енгіземіз» деді.
Иран ислам республикасы үкіметінің ақпарат хатшысы Мұхаммад Бағер Ноубахт Теһранда өткен ақпарат отырысында Саудия үкіметінің аймақта текетірес тудыратын орынсыз шараларына тоқталып: «Сауд Арабиясы Ирак, Сирия және Йеменде бүлдіргі рөл атқаруымен өз қолын мұсылмандар мен балалардың қанына былғап отыр. Саудиялықтар өздерінің аймақтағы жеңілістерінің орнын толтыру үшін сөйлейді, алайда әр жолы саудиялықтардың үрей-қорқынышынан туындаған үлкен сөздері туралы СІМ мен Қорғаныс министрі тарапынан Иранның кесімді тұрғысы баяндалды» деді.