Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі аятолла Һашеми Шаһрудидің көңілін сұрап барды
(last modified Sat, 13 May 2017 16:11:30 GMT )
Maм 13, 2017 22:11 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі аятолла Һашеми Шаһрудидің көңілін сұрап барды

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бүгін сенбі күні Теһран ауруханаларының бірінде жатқан Иранның Эксперттер мәжілісі төрағасының орынбасары аятолла сейіт Махмуд Һашеми Шаһрудидың көңілін сұрап барды.

Хазірет аятолла Хаменеидің шығармаларын сақтап, тарату бюросының мәлімдеуі бойынша осы кездесуде ислам революциясының мәртебелі жетекшісі дәрігерлермен сұхбаттасып, аятолла Һашеми Шаһрудиды емдеу үдерісімен танысып, оған денсаулық тіледі.

Аятолла сейіт Махмуд Һашеми Шаһруди Эксперттер мәжілісі төрағасының орынбасары, Жүйе мүддесін анықтау алқасы төрағасының орынбасары, Конституцияны қорғау кеңесінің мүшесі және Иранның үштік билігінің келіспеушіліктерін шешу және байланыстарын реттейтін жоғары комитеттің төрағасы болып табылады.