Сайлаулардың негізгі жеңімпазы – Иранның жүйесі мен халқы
(last modified Wed, 17 May 2017 16:39:34 GMT )
Maм 17, 2017 22:39 Asia/Almaty
  • Сайлаулардың негізгі жеңімпазы – Иранның жүйесі мен халқы

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Ирандағы жұма күні өтетін сайлауларды ұлттық мереке, халықтық үлкен ерлік және әлем жұртшылығының көз алдындағы жаңа әрі тартымды исламдық демократияның көрінісі деп атады.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Иран мыңдаған адаммен кездесуінде сөйлеген маңызды сөзінде халықтың дауыс беру орындарына жаппай қатысуын қуаттап: «Жұма күні кім көп дауыс жинаса да, сайлаулардың негізгі жеңімпазы Иран халқы мен ислам республикасының жүйесі болады» деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Ирандағы сайлауларды әлем саясаткерлерінің көз алдында жаңа әрі тартымды исламдық демократияны көрсету деп атап: «Діни демократия ислам республикасы жүйесі мен имам Хомейни арқылы адамзатқа ұсынылды. Иран халқы жұма күні тағы да осы жаңа ойдың көрінісін әлем жұртшылығының назарына ұсынады.

Ирандағы жұма күні өтетін сайлауларға Америка мен Еуропаның басшылары мен түрлі аппараттары және Американың соңына еретін аймақтағы үкіметтер, сондай-ақ, сионистік режимнің қайраткерлері назар аударып отыр. Олар Иран халқының қалай және қандай рухпен әрі қандай көлемде сайлау майданына кіретінін көргісі келеді» деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сондай-ақ Батыс Азия мен Африканың солтүстігі аймағындағы бейберекеттіктерге сілтеме жасап: «Осындай қауіпсіздіктен кенде аймақта Иран ислам республикасы Алланың ерекше ілтипатымен толық тыныштық пен қауіпсіздікте сайлаулар өткізуге дайындалып отыр» деді.

Хазірет аятолла Хаменеи еркін және бәсекелі сайлаулар өткізуді үкіметтері Американың қолдауы мен үстемдігіндегі аймақ ұлттары үшін бір арман деп атап: «Иран халқының дауыс беру орындарына келуінің үндеуі ислам республикасы жүйесіне деген сенімі мен қызығушылығын көрсету саналады» деді.