Иран Мәжілісі лаңкестермен күресу үшін сындарлы әріптестік жасауға дайын
(last modified Sat, 27 May 2017 16:24:59 GMT )
Maм 27, 2017 22:24 Asia/Almaty
  • Иран Мәжілісі лаңкестермен күресу үшін сындарлы әріптестік жасауға  дайын

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы жолдауында ислам мемлекеттеріндегі әріптестерін Қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Иран Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сенбі күні ислам мемлекеттеріндегі әріптестерін құттықтаған жолдауында:" Экстремизм мен тәкфирлік терроризмінің күн сайын артуы салдарынан туындаған ислам әлемінің бүгінгі қиын да өкінішті жағдайынан өту үшін осы елдер бірыңғай қатынас ұстануы қажет»,‑деді. 

Лариджани, сонымен қатар, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің лаңкестікпен күресу үшін әртүрлі диалогтар жүргізіп, сындарлы әріптестік жасауға дайын екенін айтып:

«Осы жолда парламентаралық кеңестер ислам әлемінде баянды қауіпсіздік, тұрақтылық пен ислам елдерінің әл‑ауқаты негізінде бейбіт стратегияның орындалуына көмектесудегі маңызды қадам болатындығы күмәнсіз» деді.