Құранның мүбәрак тұқымы исламдық Иранға себілген
(last modified Sun, 28 May 2017 16:18:00 GMT )
Maм 28, 2017 22:18 Asia/Almaty
  • Құранның мүбәрак тұқымы исламдық Иранға себілген

Ислам революциясының жетекшісі сенбі, Рамазан айының бірінші күні Құранмен нұрланған ортада: «Құранның мүбәрак тұқымы біздің елге себілген. Бүгінде елдің бүкіл қоғамдық кеңістігі Құранмен таныс»,-деді.

Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, хазірет аятолла Хаменеи осы рәсімде Құранға жақындықтың адам өмірінде туындайтын сауалдарға жауап табуға көмектесетінін айтып: «Армандарға қарай қозғалған қоғамда байланыс пен іс-қимыл мен ұстанымдар түріне, достық, дұшпандық және материалдық дүниелерге қатысты мыңдаған сауал туындайды. Құранда осы сұрақтардың барлығына жауап бар»,-деп қуаттады.

Хазірет аятолла Хаменеи адамзат баласы мен қазіргі әлемнің адасуының себебін осы сұрақтарға қате әрі бұрмаланған жауап беру деп атап: «Құдай адамдарды бір-бірімен байланыс орнатып, махаббат сыйлап, көмек көрсету үшін жаратты. Алайда бүгінде әлемнің  барлық жерін соғыс, тынышсыздық, қорқыныш пен адасушылық жайлаған»,-деді. Ол осы қиындықтардан құтылу үшін Құранның жетекшілігіне сүйену қажеттігін айтып: «Өкінішке орай, бүгінде ислам қоғамы басқа қоғамдар сияқты қиындықтарға ұшырап отыр. Сауд Арабиясы сияқты елдердегі кейбір ислам қоғамдарының тағдыры лайықсыз адамдардың қолында»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі осындай жағдайдың туындау себебін иман мен құрани шындықтардан алшақтау деп атап: «Бұл адамдар сырттай алғанда Құранға берік, тіпті Құран кітабының миллиондаған нұсқасын таратады. Алайда іс жүзінде Құранның бұйрығына қайшы кәпірлермен ымыраласып,  халықтың жағдайын түзеуге жұмсауы тиіс мүлікті кәпірлер мен дұшпандарға сыйлайды»,-деді.

 

Тегтер