Трамптың аймақ сапарының мақсаты – саудиялықтардың адамзатқа қарсы әрекеттерін қолдау
Иранның Жоғары соты: «АҚШ Президентінің Сауд Арабиясына жасаған сапарының мақсаты саудиялықтардың адамзатқа қарсы әрекеттерін қолдау, сионистерді күшейту және Ираннан үркіту саясатын кеңейту болды»,- деді.
Иранның Жоғары соты аятолла Садық Амоли Лариджани дүйсенбі күні Жоғары сот басшыларының отырысында : «АҚШ Президенті Таяу Шығыстағы басшыларының қолдары бейкүнә Йемен халқының қанына былғанған және ең сорақы соғыс қылмыстарын іске асырып отырған мемлекетке сапар шекті. Трамптың Сауд Арабиясына жасаған сапарының мақсаты саудиялықтардың адамзатқа қарсы әрекеттерін қолдау, сионистерді күшейту және Ираннан үркіту саясатын кеңейту болды. Америкалықтар еш уақытта сайлау өткізбеген үкіметтің басшыларымен «Қылыш биін» биледі. Содан соң ИИР лаңкестікті қолдайды деп айыптады. Негізінде, аймақтағы лаңкестікті тудырған солардың өздері»,- деп баса айтты.
Иранның Жоғары соты сонымен бірге Иранның қазіргі қауіпсіздігі мен қорғаныс күш-қуатына тоқталып: «АҚШ Сауд Арабиясымен жүздеген миллиард долларға қару-жарақ сатып алу келісімдеріне қол қоя тұрып, Иранның қорғаныс бағдарламаларынан кейінгі шегінуін талап етуде. Ислам республикасы өзінің қорғаныс мүмкінідіктері мен күш-қуатына ие болудан бір қадам артқа шегінбейді»,- деп қуаттады.