Ислам революциясы – имам Хомейнидің ең үлкен жетістігі
(last modified Mon, 05 Jun 2017 08:41:38 GMT )
Маусым 05, 2017 14:41 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы – имам Хомейнидің ең үлкен жетістігі

Ислам революциясының жетекшісі «Дұшпандар аймақтағы бірқатар елге гибридтік соғыс ашты»,-деп баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні имам Хомейнидің кесенесінде имамның қайтыс болғанына 28 жыл толуын атап өту рәсімінде: «Сауд Арабиясының Бахрейнде болуы қисынға келмейді. Неліктен бөгде ел бұл елге әскери күш енгізіп, өз ерік-жігерін таңуы керек? Мұның салдары масқарашылыққа себеп болады.

Сауд Арабиясы тіпті АҚШ-ты бірнеше миллиардтық парамен өзіне жақтастырғысы келгенімен еш нәтижеге жетпейді. Йемен халқын жеңбейді»,-деді.

Аятолла Хаменеи дұшпандардың аймақтағы  елдерде гибридтік соғыстар жүргізу қастандығына  тоқталып: «Бүгінде ДАИШ лаңкестік тобы өзінің қалыптасқан жерлері Сирия мен Ирактан қуылып, Ауғанстан мен Пәкістан, тіпті Филиппин мен еуропалық елдерге бара жатыр. Батыс елдері  жаққан от енді олардың өздерін шарпуда»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейни есімінің революциямен тығыз байланысты екенін айтып: «Бұл екеуі бір-бірінен ажырағысыз. Ислам революциясы – имам Хомейнидің (р.) ең үлкен жетістігі»,-деп қуаттады.

Хазірет аятолла Хаменеи, сондай-ақ, Иранда президенттік сайлаудың салтанатты түрде өткенін айтып: «Дұшпанның ақымақтығының қай жерге жеткенін көріңіздер. АҚШ Президенті құлдырау алдында тұрған бір тайпалық жүйеге барып, «қылыш биін» билеп, Иран халқының 40 млн дауысын сынайды»,-деді.

 

Тегтер