Иран мен Ресейдің Сириядағы серіктестігі саяси теңгерімдерді өзгертті
Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары кеңесінің хатшысы Шамхани Иран мен Ресейдің Сириядағы стратегиялық серіктестіктерінің саяси теңгерімдерді өзгерткенін айтты.
Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары кеңесінің хатшысы Али Шамхани Иран мен Еуразияны зерттеу орталығына (IRAS) берген сұхбатта Теһран мен Мәскеудің стратегиялық серіктестіктері жайлы айтып: «Иран мен Ресейдің серіктестіктері аймақта лаңкестікпен күрес мақсатындағы ортақ стратегиялық ынтымақтастықтар аясында жүзеге асуда. Тараптар осы салада мүдделес. Стратегиялық және қауіпсіздік теңгерімдеріндегі өзгерістерге байланысты Иран, Ресей, Сирия, Ирак және Ливан Хезболласының коалициясын сақтау қажеттілік саналады. Тіпті, егер әскери әрекет етуге қажеттілік болмаған жағдайдың өзінде идеологиялық тұрғыдан бұл коалиция өте маңызды» деді.