Иран мен Ресейдің қайраткерлері лаңкестікпен күрес саласындағы ортақ серіктестіктер туралы сұхбаттасты
https://itolqyn.com/news/iran-i27824-Иран_мен_Ресейдің_қайраткерлері_лаңкестікпен_күрес_саласындағы_ортақ_серіктестіктер_туралы_сұхбаттасты
Ресей президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев пен Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғарғы Кеңесінің хатшысы Али Шамхани Теһранда өткен отырыста лаңкестікпен күрес және Сирия дағдарысының саяси үдерістеріндегі ортақ серіктестіктер жайлы сұхбаттасты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 08, 2017 07:20 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресейдің қайраткерлері лаңкестікпен күрес саласындағы ортақ серіктестіктер туралы сұхбаттасты

Ресей президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев пен Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғарғы Кеңесінің хатшысы Али Шамхани Теһранда өткен отырыста лаңкестікпен күрес және Сирия дағдарысының саяси үдерістеріндегі ортақ серіктестіктер жайлы сұхбаттасты.

Иран Телерадио бірлестігінің сәрсенбі күнгі мәліметі бойынша, Али Шамхани сол кездесуде: «ИИР мен Ресей арасындағы Сирия мәселесі бойынша сындарлы серіктестік аймақтың қауіпсіздігіндегі теңгерімдерді лаңкестерге қарсы әсерлі тәсілмен өзгертті. Алеппоны азат ету, Сирияда атысты тоқтату бітімін орнатып, шиеленіс азайған аймақтарды белгілеу осындай жетістіктердің қатарын құрайды. Сирияда атысты тоқтату үдерісінде баса назар аудару керек жайттардың маңыздылығы мен лаңкестік майданында Сирия халқының мүддесін қамтамасыз ету мақсатында атысты тоқтатуға кепіл елдердің жақын кеңесуі өте қажет іс» деді.

Ресей президентінің арнайы елшісі Александр Лаврентьев те сол кездесуде Иранның Сирияда бейбітшілік орнату саяси үдерісіндегі сындарлы рөліне қолдау танытып: «Екі ел Сирия дағдарысы бойынша көптеген мәселелерге қатысты келісімге келіп, сындарлы әріптестік жасады. Бұл аймақ пен әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату жолындағы үлкен көмек  болды» деді.