Зариф пен Австралияның үкімет басшысы қос жақты байланыстарды кеңейту үшін кеңесті
Иран Сыртқы істер министрі мен Австралияның үкімет басшысы қос жақты байланыстарды кеңейтуді қуаттады.
ИРНА- ның хабарлауынша, екі күндік кезекті сапармен Австралияда жүрген Иран Сыртқы істер министрі сейсенбі күні қарым-қатынасты, әсіресе экономикалық байланысты кеңейту үшін осы елдің қайраткерлерімен кеңесулерінің жалғасында Австралияның үкімет басшысы Малкольм Блай Тернбуллмен кездесті.
Иран Сыртқы істер министрі мен Австралияның үкімет басшысы аймақтық және халықаралық маңызды мәселелер мен екі елдің байланысына шолу жасап, ой бөлісті.
10 жылдан кейін Австралияға сапар шегіп отырған ең жоғары мәртебелі ирандық қайраткер болып табылатын Зариф «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы күшіне енгізілген соң Канберра тарапынан Иранға қарсы санкциялардың күші жойылғаннан кейін Австралияның жоғары мәртебелі қайраткерлерімен кездесуде қарым- қатынастарды кеңейту жолдарын қарастыруға талпыныс жасауда.