Еуропалықтар Америка тарапынан «Ортақ қадам» бағдарламасының бұзылғанын растады
https://itolqyn.com/news/iran-i28222
«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бақылау комитетінің ирандық аға мүшесі Али Акбар Велаяти еуропалықтардың Америка тарапынан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзғанын растағанын айтып, Американың аталмыш бағдарламаны жүзеге асырудағы уәде бұзушылықтарын сынға алып: «Еуропалықтар Америка тарапынан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бұзылғанын растады. Шын мәнінде, олар Иранмен сауда байланыстарында мүмкіндік қалыптастырмады» деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 20, 2017 17:40 Asia/Almaty
  • Еуропалықтар Америка тарапынан «Ортақ қадам» бағдарламасының бұзылғанын растады

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бақылау комитетінің ирандық аға мүшесі Али Акбар Велаяти еуропалықтардың Америка тарапынан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзғанын растағанын айтып, Американың аталмыш бағдарламаны жүзеге асырудағы уәде бұзушылықтарын сынға алып: «Еуропалықтар Америка тарапынан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бұзылғанын растады. Шын мәнінде, олар Иранмен сауда байланыстарында мүмкіндік қалыптастырмады» деді.

Велаяти Америка Сенатында Иранға қарсы жан-жақты санкциялар жобасыың бекітілуін «Ортақ қадам» бағдарламасының әртүрлі тарауларының бұзылуы деп атап: «Бұл әрекет Америка мен «алтылық» тобының басқа мүшелері «Ортақ қадам» бағдарламасын қиындыққа тірейтін кез келген, соның ішінде тікелей немесе жанама істерден тартыну міндетін қабылдаған жағдайда жүзеге асырылды. Иран америкалықтардың әрекеттерімен күресу үшін тиісті шараларды қарастырып, дер уақытында жауап береді» деп қуаттады».

Америка Сенаты 2017 жылдың  маусым айының 15 күні ИИР-на қарсы жан-жақты санкциялар жобасын «Иранның тұрақсыздықтарды арттыру әрекеттерімен күрес заңы» деген атаумен бекітті.