Иран Ирактың бір бөлімінің бөлінуіне қатысты референдумға қарсы
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи ДАИШ-ке қарсы күрестегі Ирактың барлық саяси және діни ағымдарының бірлігін мадақтап, халықтық күштерін Ирактың маңызды құбылысы әрі күш-қуатының факторы деп атады.
Ислам революциясының жетекшісі сейсенбі күні Ирак Премьер-министрі Хейдер әл-Абадимен кездесуінде: «ИИР көршілес ел ретінде Ирактың бір бөлімінің бөлінуіне қатысты референдум өткізу туралы кейбір сөздерге қарсы және бұл мәселені көтерушілерді Ирактың тәуелсіздігі мен болмысына қарсы деп санайды»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі Ирактың біртұтастығын сақтау қажеттігін қуаттап: «Америкалықтардың алдында қырағы болып, еш уақытта оларға сенуге болмайды. Өйткені, АҚШ пен оның одақтастары Ирактың тәуелсіздігі мен бірлігіне қарсы»,- деді.
Аятолла Хаменеи АҚШ пен оның одақтастарының «Хашд әш-Шааби» яғни «халықтық күштеріне» қарсы екендігіне тоқталып: «Америкалықтар халықьық күштерге қарсы. Өйткені, олар Ирактың күш-қуатының маңызды факторынан айрылғанын қалайды. Еш уақытта америкалықтарға сенбеңдер. Себебі, олар өз соққыларын беретін мұрсатты күтуде»,- деп қуаттады.
Ислам революциясының жетекшісі америкалықтардың ДАИШ-ке қарсыласуы шынайы емес деп: «Америкалықтар мен аймақтағы олардың кейбір одақтастары ДАИШ-тың тамырын жоюды мақсат етпейді. Өйткені, ДАИШ солардың қолдауы және қаржыларымен құрылды. Сондықтан олар өздерінің жұдырығындағы ДАИШ-тың Иракта қалғанын қалайды»,- деп баса айтты.