"Ортақ қадам" келісімі тоқтатылған жағдайда Иран жылдар бұрынғы жағдайдан ілгерірек үдеріске оралады
Иранның Атом қуаты ұйымының ақпарат хатшысы Камалванди: "Егер америкалықтар "Ортақ қадам" келісімін тоқтату үшін шара қолданатын болса, онда Теһранның осы келісім жасалған кездегі Иранның ядролық жағдайынан бірнеше жылға ілгерірек жағдайға оралуға күші жетеді" деді.
Иранның Атом қуаты ұйымының ақпарат хатшысы Бехруз Камалванди сәрсенбі күні Iran Press агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Ислам революциясы жетекшісінің "Егер олар "Ортақ қадам" бағдарламасын жыртып тастаса, Иран оны өртеп жібереді" деген сөздеріне тоқталып: "ИИР "Ортақ қадам" бағдарламасының "алтылық" тобы тарапынан бұзылуын бұрыннан болжаған" деді.
Камалванди бүгін "Ортақ қадам" келісімінің америкалық тарап жағынан бұзылғанын айтып: "АҚШ-тың Конгресінде "Ортақ қадам" келісімін бұзу үдерісі бірқатар құқықтық қайшылықтарға тап болды. Қайшылықтар шешілуі мүмкін. Сол кезде олар Иранға қарсы жаңа санкциялар сала алады" деді.