Иран АҚШ Жоғары сотының мигранттарға қарсы жарлығына реакция білдірді
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ Жоғары сотының мигранттарға қарсы жарлығына реакция білдіріп: «Вашингтон қысаң коммерциялық себептеріне байланысты АҚШ-тағы лаңкестік әрекеттердің негізгі орындаушыларына көзін жұмып, әшкере түрде мекен-жайды қате беріп отыр»,- деді.
АҚШ Жоғары соты дүйсенбі күні Президент Дональд Трамп үкіметіне исламдық алты елдің, атап айтқанда Иран, Сирия, Судан, Сомали, Ливия және Йемен азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салатын жарлығының бір бөлігін іске асыруға рұқсат берді.
Трамп 2017 жылдың қаңтар және наурыз айларында лаңкестікке қарсы күресті сылтауратып, исламдық алты елдің, атап айтқанда Иран, Сирия, Судан, Сомали, Ливия және Йемен азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салатын жарлық шығарған болатын. Бірақ осы уақытқа дейін бұл жарлық әртүрлі штаттардың соттарының қарсылығымен іске асырылмай келді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми: «АҚШ Жоғары сотының бұл шешімі – Вашингтонның мұсылмандарға қарсы кемсітушілік саясатының белгісі»,- деп қуаттады. Трамптың мигранттарға қарсы шешімдері әлем елдері мен БҰҰ және Адам құқығы ұйымдарының сынына ұшырады.