Иран Ислам революциясы жетекшісінің Вьетнам Президентімен кездесуінде сөйлеген сөзі
Иран Ислам революциясының жетекшісі: «ИИР-ның тұрақты саясаты Азиямен ынтымақтастық етуді қарастырады»,- деп қуаттады.
Аятолла Хаменеи сейсенбі күні Вьетнам Президенті Чыонг Тан Шангпен кездесуінде Иранның тұрақты саясатын Азия елдерімен, соның ішінде Вьетнаммен ынтымақтастық жасау деп атап: «Біз әлемдік қауымдастықтағы сіздердің ынтымақтастықтарыңыздан хабардармыз және мүмкіндіктерге қарай ынтымақтастықтарды кеңейту қажет деп санаймыз»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі дүниенің алапуыт елдерінің басқа елдердің істеріне араласушылықтарына тоқталып: «Бұл араласушылықтар кейбір уақыттарда Вьетнам соғысы сынды қантөгістермен, кейбір кезде басқа тәсілдермен орындалады. Бұл араласушылықтармен қарсыласатын жол мемлекеттердің ынтымақтастықтары мен олардың бір-бірімен жақындасуы болып табылады»,- деп қосты.
Вьетнам Президенті Чыонг Тан Шанг те бұл кездесуде халықаралық қауымдастықта Иранның Вьетнамды қолдауына алғыс айтып: «Вьетнам да халықаралық ортада Иранның ұстанымын қолдап, бейбіт мақсатты ядролық энергияны пайдалануды Иранның заңды құқығы санап, келешекте де Иранның ұстанымына демеушілік танытады»,- деді.
Вьетнам Президенті Ислам революциясы жетекшісінің Вьетнам халқының бөгделерге қарсы күресін мадақтағанына ризалығын білдіріп: «Вьетнам халқы ондаған жылдар бойы бөгделердің шабуылдарымен қарсыласып, тәуелсіздік пен азаттыққа ие болды»,- деп мәлімдеді.