Иран мен Қытайдың ақпарат алаңындағы ынтымақтастықтары Батыстың ақпарат ағымдарымен күресудің үлгісі
https://itolqyn.com/news/iran-i28494-Иран_мен_Қытайдың_ақпарат_алаңындағы_ынтымақтастықтары_Батыстың_ақпарат_ағымдарымен_күресудің_үлгісі
Ислам республикасының ақпарат агенттігі ИРНА-ның атқарушы директоры Батыстың әлемде біржақты ағымдар тудыру әрекеттеріне тоқталып: "Иран мен Қытайдың ақпарат алаңындағы ынтымақтастықтары осы ақпараттық ағымдармен күрестің тиімді үлгісі бола алады" деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 29, 2017 22:20 Asia/Almaty
  • Иран мен Қытайдың ақпарат алаңындағы ынтымақтастықтары Батыстың ақпарат ағымдарымен күресудің үлгісі

Ислам республикасының ақпарат агенттігі ИРНА-ның атқарушы директоры Батыстың әлемде біржақты ағымдар тудыру әрекеттеріне тоқталып: "Иран мен Қытайдың ақпарат алаңындағы ынтымақтастықтары осы ақпараттық ағымдармен күрестің тиімді үлгісі бола алады" деді.

ИРНА-ның бас директоры Мұхаммад Ходади Қытайдың "Халық" газетінің директоры Ли Байошанмен Бейжіңде кездесуінде: "Батыстың, әсіресе, америкалық ақпарат құралдары тудырған ағым өздері жайлы жағымды, ал басқа елдер туралы жағымсыз бейне ұсынуға талпынады. Сол себепті Иран мен Қытайдың ақпарат алаңындағы әріптестіктері Батыстың ақпарат ағымдарымен күресте маңызды рөл атқара алады. Иран мен Қытайдың ортақ дұшпандары ақпарат алаңында ықпал ету үшін ауқымды түрде инвестиция салды. Сол себепті екі елдің ақпарат алаңындағы ынтымақтастықтарын кеңейтіп, нығайту қажет" деді.