Лариджани Трамптың көші-қонға қарсы жарлығын сынға алды
Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы АҚШ президенті Дональд Трамптың көші-қонға қарсы жарлығын сынға алып, лаңкестіктің көзінің түп-тамырымен жойылуы керектігін қуаттады.
Али Лариджани АҚШ-тың CNN арнасына берген сұхбатында ИИР-ның лаңкестікпен күрестегі тәжірибесіне тоқталып: "Егер Иран Иракқа көмектеспегенде, қазірге дейін ДАИШ лаңкестік тобы Бағдадты толығымен басып алар еді.
Иранның Сирия мен Иракқа көмек көрсетуі ДАИШ тобының осы екі елде өмірінің соңғы күндерін өткізуіне себеп болды. АҚШ-тың Жоғарғы соты дүйсенбі күні Дональд Трампқа өзінің көші-қонға тыйым салатын жарлығының бір бөлігін жүзеге асыруға рұқсат берді. Бұл жарлықтың мақсаты алты мұсылман елінің, атап айтқанда Иран, Сирия, Йемен, Сомали, Ливия мен Судан азаматтарына АҚШ жеріне сапар шегуіне тыйым салу және шектеу болып табылады",- деді.