Бүгінде лаңкестерге кешірім танытылуда
Иранның Қорғаныс министрі: "Бүгінде жаппай қыру қаруларымен террор мен соғыстың араласу ықтималы бар. Осы қаруларды пайдаланушыларға соққы берудің орнына лаңкестерге кешірім танытылып келеді",- деп мәлімдеді.
Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы сардар Хосейн Деһқан жексенбі күні химиялық қаруларға қатысты конвенцияның қабылдануының 20 жылдығы мен Ирактың Баас режимінің Теһрандағы Сардашт тұрғындарына қарсы химиялық шабуыл жасауының 30 жылдығына орай өткен арнайы отырыста: "Билік иелері өздерін ақиқат иесі санайды. Егер олардың мақсаттарына қауіп төнетін болса, кез келген құралды, әсіресе санкция мен соғысты пайдаланудан тайынбайды",- деді.
Сардар Деһқан Сирияның мұның алдында қарусыздану жағдайына көшкенін, ал АҚШ-тың бос сылтаулармен Хан-Шейхун аймағына шабуыл жасағанын айтып: "Сирияның заңды үкіметі ешқашан мұндай қаруларды пайдалануды көздеген емес.
ИИР әрдайым жаппай қыру қаруларын шығару мен пайдалануға қарсы болған. Себебі, Иран өзі де лаңкестік пен жаппай қыру қаруларының құрбаны болған",- деді.