Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Қытайда болған сел оқиғасына өкініш білдірді
Шіл 05, 2017 22:21 Asia/Almaty
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми отызға жуық адам қаза тауып, көптеген адамның із-түзсіз жоғалуына себеп болған сел оқиғасына өкініш білдіріп, Қытай үкіметі мен халқына және оқиға құрбандарының отбасыларына көңіл айтты.
Қытайда өткен аптаның бейсенбі күні басталып, дүйсенбіге дейін жауған жауын салдарынан болған сел апатында 28 адам қаза тауып, 16 адам жоғалып кетті.
Сел Қытайдың бірнеше облысында мыңдаған адамды үйлерінен кетуге мәжбүрлеп, 186 мың адамды алғашқы көмекке мұқтаж етті.
Тегтер