Қарулы күштердің Бас қолбасшысы Сақшылар корпусына лаңкестердің позицияларына зымыранмен шабуыл жасағаны үшін алғыс айтты
Жоғары бас қолбасшы Ислам революциясы Сақшылар корпусының маусымның он сегізі ДАИШ лаңкестерінің Сирияның Дейр аз-Зурдегі базаларына зымырандық шабуыл жасағаннан кейін бірнеше сағаттан соң өткен Сақшылар корпусының бір топ қолбасшыларын қабылдауында бұл революциялық органның зымырандық саладағы талпыныстары үшін алғыс білдірді.
Қарулы күштердің Бас қолбасшысы Ислам революциясы Сақшылар корпусы маусымның он сегізі күні ДАИШ лаңкестерінің Сирияның Дейр аз-Зурдегі базаларына жасаған зымырандық шабуыл жасағаннан кейін бірнеше сағаттан соң Сақшылар корпусының бір топ қолбасшысын қабылдауында революциялық органның зымырандық саладағы талпыныстары үшін алғыс айтты.
Хазірет аятолла Хаменеидің еңбектерін сақтап, тарату кеңсесі ақпарат қызметінің сәрсенбі күнгі хабарлауынша, Ислам революциясының жетекшісі бұл кездесуде Ислам революциясы Сақшылар корпусының Сириядағы лаңкестерге жасаған зымырандық шабуылын керемет іс деп атап, Алла Тағаладан Рамазан айындағы сол ғибадатты қабылдауын тіледі.
Бас қолбасшы дұшпанның зымыранға қатты мән беретіндігіне тоқталып: "Зымырандық салада еңбек етіңдер! Дұшпанға соққы беруіміз қажет",- деді.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшылары кездесу кезінде Сириядағы ДАИШ позицияларына бағытталған сәтті зымырандық амалдары туралы баяндама жасап: "Сақшылар корпусының Құдс барлау күштерінің жетекшілігімен жүзеге асқан амалдар кезінде тек лаңкестердің позициялары ғана нысанаға алынып, бірде-бір әскери емес бейбіт тұрғын зиян шеккен жоқ",- деп баса айтты.