Дұшпанға зымыранмен соққы беру – Рамазан айындағы ғибадат
(last modified Thu, 06 Jul 2017 10:18:02 GMT )
Шіл 06, 2017 16:18 Asia/Almaty
  • Дұшпанға зымыранмен соққы беру – Рамазан айындағы ғибадат

Бас қолбасшы хазірет аятолла Хаменеи Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының Сириядағы ДАИШ-тың позицияларына зымырандық шабуылын керемет іс деп бағалады.

Бас қолбасшы Ислам революциясы Сақшылар корпусының маусымның он сегізі ДАИШ лаңкестерінің Сирияның Дейр аз-Зурдегі базаларына зымырандық шабуыл жасағаннан кейін бірнеше сағаттан соң өткен Сақшылар корпусының бір топ қолбасшыларын қабылдауында олардың істерін өте керемет  деп бағалады. Жоғары бас қолбасшы Ислам революциясы Сақшылар корпусының зымырандық салада жасаған әрекетіне алғыс білідіріп: "Шамаларың келгенше зымырандық салада аянбай еңбек етіңдер. Дұшпанның зымыранға қатысты қаншалықты сезімтал екендігіне көздерің жетті. Сондықтан істеріңнің қаншалықты маңызды екенін білгендерің жөн. Барлығыңның қолдарыңнан келеді. Шамаларың жеткенше және мүмкіндік барда еңбек етіңдер. Дұшпанға соққы беруіміз қажет",- деп баса айтты.

Ислам революциясы жетекшісінің қасиетті Рамазан айында өткен Ислам революциясы Сақшылар корпусының бір топ қолбасшысын қабылдауында сөйлеген сөзінің мәтіні сәрсенбі күні жарияланды. Хазірет аятолла Хаменеи Ислам революциясы Сақшылар корпусының Сириядағы ДАИШ позицияларына жасаған шабуылының Рамазан айымен сәйкес келуіне байланысты оны қасиетті Рамазан айының ғибадаты деп атады.

Лаңкестер қасиетті Рамазан айының он екінші күні Теһранда екі лаңкестік шабуыл кезінде 18 ирандық азаматты шәһид етті. Сол лаңкестік шабуылдар салдарынан 50-ден астам адам жарақат алды. ДАИШ лаңкестерінің Теһранда жасаған шабуылынан соң лаңкестер мен олардың демеушілеріне кесімді соққы беру құрбан болғандардың отбасыларының күткені, ал әскерилер үшін қажеттілік болды. Теһрандағы ДАИШ лаңкестерінің шабуылынан кейін осы лаңкестік топ басшыларының Сирияның шығысындағы Дейр аз-Зурдегі позицияларының Сақшылар корпусының бірнеше зымыраны арқылы нысанаға алуына 12 күн жеткілікті болды. ДАИШ тобы басшыларының Дейр аз-Зурдегі отырысының уақыты мен мекенін анықтау мақсатында жүргізген зерттеуі, анықталған мақсаттарға зымырандардың дөп тиюі Иранның лаңкестер мен олардың демеушілеріне кесімді, нақты әрі жылдам жауап бергенін көрсетті.

Дұшпандар Ислам революциясының жеңісінен кейін өздерінің басты мақсаты, яғни Иран Ислам Республикасы жүйесін өзгерту үшін әртүрлі айла-тәсілдерді сынап, іске асырды. Бірақ, олар әрдайым сәтсіздік пен мықты соққыға ұшырап отырды. Иранның Теһрандағы лаңкестік шабуылдарға жауабы да ислам революциясы жеңісінің 40 жылдығы қарсаңындағы дұшпандар мен олардың лаңкестеріне берген келесі бір соққы саналады. Иранның алғашқы шекарадан тыс зымырандық шабуылы дұшпандарға бағытталған мағынаға ие жауап болды. Бұған байланысты ислам революция жетекшісі: "Ислам республикасы берік әрі бар күш-қуатымен табандылық көрсетіп отыр. Дұшпандар Иран халқына соққы бере алмайды. Себебі, біздің халқымыздың оларға өздерінің соққы беретінін білгендері жөн",- деді.

Зымырандық әлеует Иран Ислам Республикасың белсенді тежегіш күшін бірнеше есе арттырып, қауіпсіздік жағдайды сенімді деңгейге жеткізді. Әскери сала қуат тудырушы және оны дамытудағы маңызды құрамдас бөлік саналады. Зорлық көрсетуші және дұшпан елдер, әсіресе АҚШ-тың Иранның күнен-күнге артып келе жатқан зымырандық қуатына қатысты сезімталдығы дәл осы шеңберде бағаланады. Иранның зымырандық қуатын таныстыруға қоқан-лоққы жасап, оны әлсіретуге талпыныс жасау АҚШ-тың ИИР-на қарсы қастық көзқарасының белгісі саналады. Мұндай дұшпандық қатынасқа байланысты зымырандық қуатты, әсіресе оның дәлдігі мен ұшу қашықтығын күшейту Иранның табиғи құқығы саналады.