АҚШ Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына берік екенін қуаттады
АҚШ үкіметі: «Иран «алтылық» елдерімен арадағы ядролық келісімге берік»,-деп мәлімдеді.
NPR радио арнасының сайтында хабарланғандай, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон дүйсенбі күні: «Иран ядролық келісімді орындап, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының баптарына берік болды»,-деп қуаттады.
NPR радио арнасы АҚШ үкіметі басшыларына сілтеме жасап, Иранды қазіргі таңда АҚШ-тың аймақтағы мүдделеріне төнген ең үлкен қауіп деп атады.
Дональд Трамп үкіметі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы болса да, ИИР-ның ядролық келісімдегі өз міндеттемелеріне берік екенін мойындауға екінші рет мәжбүр болып отыр.
АҚШ-тың бұрынғы Президенті Барак Обаманың бұрынғы кеңесшісі Бен Родс та: «Трамп үкіметі «Иран ядролық келісімге берік» деген шындықтан қашып құтыла алмайды»,-деді.