Ноубахт Иранның халықаралық құқығынан кері шегінбейтінін айтты
Иран үкіметінің ақпарат хатшысы "Ортақ қадам" бағдарламасын кез келген қалыпта бұзу әрекетінің, жаңа санкция салу немесе ядролық келісім бойынша қайта салынуына тыйым салынған санкциялар болсын, кесімді түрде бұзушылық есептелінетінін айтып: "Иран ешбір халықаралық құқығынан кері шегінбейді" деп баса айтты.
Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауынша, Мұхаммад Бақер Ноубахт бүгін сейсенбі күні Теһранда тілшілерге берген сұхбатында: ""Ортақ қадам" бағдарламасының бұзылуын құқықтық тұрғыдан зерттейтін жұмыс тобы айғақ-дерек келтіретін болса, Иран үкіметі қатаң шара қолданады.
Иранның сот билігі шығаратын кез келген үкімге араласушылық қол сұғушылық есептеледі. Бұл әрекетке жауап беріледі" деді.
Ол АҚШ тарапынан осындай қисынсыз сөздердің айтылуын алғашқы рет емес екенін айтып, Иранның оған еш көңіл аудармайтынын қуаттады.