Америкалықтардың "Ортақ қадам" келісімімен жауластығы өздеріне зиян келтіреді
(last modified Wed, 26 Jul 2017 01:28:41 GMT )
Шіл 26, 2017 07:28 Asia/Almaty
  • Америкалықтардың

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Лариджани: "Егер АҚШ Агенттіктің тексеру жұмыстарының деңгейін жеткіліксіз деп санаса, оны азайтуға болады"деді.

 

ИРНА-ның хабарлауынша, Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сейсенбі күні Теһранда Медициналық университтердің қамқоршылық кеңесінің конференциясының ашылу салтанатында америкалықтардың "Ортақ қадам" келісімімен жауластығының өздеріне зарар тигізетінін қуаттап: "Иран америкалықтардың мінез-құлқына сай көптеген шара қолдана алады" деді.

Әли Лариджани АҚШ-тың "Ортақ қадам" келісімін бұзатын санкциялары туралы: "Америкалықтардың жуырдағы іс-әрекеттері алғаш рет жасалып тұрған жоқ. Сенат осындай шешімдер қабылдаған кезде өздері ішкі сын-қатерлерге тап болды. Иран мен Ресейге қарсы жуырдағы санкциялар жіті қарастырылғаннан кейін оларға қатысты лайық шара қолданылатын болады.

Теһран атом саласында жақсы мүмкіндіктерге ие және тез арада жағдайды өзгерте алады. Егер америкалықтар Агенттіктің тексеру жұмыстарының деңгейін өздері үшін тиімсіз деп санаса, оны азайта алады" деді.