Бруджерди: АҚШ халықаралық келісімдерді құрметтеуі керек
https://itolqyn.com/news/iran-i29356
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік комиссиясының төрағасы: "АҚШ халықаралық келісімдер алаңында саяси әдепті үйреніп, оған құрмет көрсетуі тиіс" деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 28, 2017 07:17 Asia/Almaty
  • Бруджерди: АҚШ халықаралық келісімдерді құрметтеуі керек

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік комиссиясының төрағасы: "АҚШ халықаралық келісімдер алаңында саяси әдепті үйреніп, оған құрмет көрсетуі тиіс" деді.

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік комиссиясының төрағасы Әлаеддин Бруджерди бейсенбі күні АҚШ-тың жаңа санкциялары мен Иран Мәжілісінің осы аядағы іс-әрекеттері туралы: "Иран Мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік комиссиясы осы санкциялармен күресу үшін жоба дайындады. Бұл жоба заңды рәсімдеу үдерісінен өтіп жатыр.

Иран Мәжілісі шілде айының жиырма тоғызы күні кезектен тыс отырыста Мәжіліс өкілдерінің ұсыныстарын талқылайды. Бұл ұсыныстардың басты тақырыбы АҚШ Конгресіне кесімді жауап беру болмақ"деді.

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік комиссиясының төрағасы ядролық келісімнің БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің қарарын тірек ететінін еске салып: "Көптеген айға созылған ауыр әрі қарқынды келіссөздердің нәтижесінде алты ел тарапынан қол қойылған халықаралық келісімге АҚШ-та үкімет өзгергеннен кейін күдік-күмән тудырып, оның тарауларын бұзуға болмайды" деп қуаттады.