АҚШ-тың әрекеттері – "Ортақ қадам" бағдарламасын әшкере түрде бұзу
Иран Қарулы күштерінің жоғары ақпарат өкілі генерал Джазайери АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық әрекеттерін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын әшкере түрде бұзу деп атады.
Иран Қарулы күштері бас штабының хабарлауы бойынша, Иран Қарулы күштерінің жоғары ақпарат өкілі бригада генералы сардар Масуд Джазайери жексенбі күні Иранға қарсы санкциялардың көбеюі мен АҚШ, Ұлыбритания, Франция мен Германияның "Simorgh" зымыран-тасығышын ұшырғаны үшін Теһраннан кек алуы жайлы: "Иран жерсерігін ұшыруға қатысты қажетті құралдары мен мүмкіндіктері бар он елдің қатарына кіреді. АҚШ пен Еуропа елдері ИИР жетістіктеріне куә болғысы келмейді.
АҚШ пен Еуропа елдері Иранның жуырда жерсерігін ұшыруды сынақтан өткізуіне байланысты қарсылық танытып, америкалықтар бұл әрекетті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын бұзу деп бағалады. Бірақ құқықтық тұрғыдан мұндай қорытынды шығару толығымен қате болып саналады.
АҚШ пен бір топ Еуропа елінің әдісі түкке тұрғысыз әрі Иранның дамуына еш әсерін тигізбейді.
АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық ұстанымдарынан артқа шегінуінің жалғыз жолы бұл елмен қатаң күресу болып табылады",- деп қуаттады.