Иран АҚШ-ның ұстанымдарына қырағылықпен жауап беруі қажет
«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалуын қадағалау комиссиясының отырысы дүйсенбі күні, 31 шілдеде барлық мүшелердің қатысуымен және ИИР Президенті Хасан Руханидің төрағалығымен өтті.
Бұл отырыста Иран СІМ мен Атом қуаты ұйымының есептері тыңдалғаннан кейін АҚШ-тың жаңа санкциялар жобасының соңғы жағдайы мен оның салдарлары талқыланып, пікір алмасу өтті.
Комиссия мүшелері осы отырыста АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін, әсіресе 26, 28 және 29 пункттерін бұзғанына байланысты ИИР-ның АҚШ Конгресінің жуырдағы қаулысына қырағы, айбынды әрі тиісті жауап беру қажеттігін қуаттады.
Иранның қарымта жауабы енді Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің қабылдайтын шешімдерімен тығыз байланысты. Бұл тақырыпта екі мәселе талқылауға тұрарлық: Иран АҚШ-қа санкциялармен жауап бермек пе, әлде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы аясында белгіленген механизмдерді пайдалана ма? Бірінші сауал жайлы мынаны айтуға болады: Иранның АҚШ-пен тікелей кең сауда-экономикалық байланысы жоқ. Иран бұл салада шара қолданбайтыны анық. Алайда бұл Иранның аталмыш салада пассивті позиция ұстанады деген мағынаны білдірмейді. Халықаралық қарым-қатынаста елдер арасындағы байланыстар сындарлы әріптестік аясында жүзеге асырылады. Иранда АҚШ-тың сауда және саяси қарым-қатынастары айналымындағы мүдделеріне әсер ете алатын тетіктер бар.
Университет ұстазы, АҚШ ОББ-ның бұрынғы қызметкері әрі қауіпсіздік саласындағы көрнекті маман Поль Пилар бір мақаласында ядролық келіссөздер мен ядролық келісімді («Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын) америкалық зиянды дағдыны тәрк етуге бағытталған қадам деп атап: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының Трамп үкіметі тарапынан бұзылуы – үлкен қателік. Ол Иранмен жұмыс істеу мұрсаттарын жояды»,-деп жазды.
Қазіргі таңда бұл тақырыптың екі қыры бар. біріншісі – Иран мен АҚШ-тың екіжақты қарым-қатынасы; екіншісі – Иран мен «алтылық» елдері арасындағы көпжақты келісім. АҚШ-та бұл келісімге «орындалуы міндетті емес» (Non Binding) деп қаралады. Яғни, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын орындауға қатысты құқықтық міндеттілік жоқ. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарары аясында міндеттілік болмысқа ие болып, БҰҰ жарғысының 25-бабына сәйкес, барлық мемлекеттер («алтылық» елдері ғана емес) үшін орындалуға міндетті болып, жауапкершілік тудыру сипатына ие болды. Осы негізде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзуға қарсы тәсілдердің бірі аталмыш келісімнің 36-бабында қарастырылған.
Осы бапқа сәйкес, «егер Иран «алтылық» елдерінің біреуі немесе барлығы өз міндеттемелерін сақтамады деп санаса, Иран бұл мәселені шешу үшін ортақ комиссияға жүгіне алады.
Қалай болғанда да АҚШ-тың жаңа қаулысы – «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзудың ашық дәлелі және АҚШ-тың көпжақты халықаралық міндеттемеге қатысты уәде бұзушылығын көрсетеді. Осындай жағдайда АҚШ санкцияларының кеңірек қырлары Ресейге бағытталып отыр. Реакциялардың жиынтығы АҚШ-тың авантюристік шараларға аяқ басқанын көрсетеді. Мұның ең көп шығынын АҚШ-тың өзі көреді. Бұл санкциялар АҚШ-ты әлемде оқшауландырады.