«Ортақ қадамды» бұзудың кез келген жайты Иран халқы мен үкіметінің реакциясына ұшырайды
https://itolqyn.com/news/iran-i29606
Иран Президенті Рухани Ислам Кеңесі Мәжілісінде өткен ұлықтау рәсімінде: «Әлем «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзудың кез келген жайтының Иран халқы мен үкіметінің біртұтас реакциясына ұшырайтынын білсін»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 06, 2017 18:09 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадамды» бұзудың кез келген жайты Иран халқы мен үкіметінің реакциясына ұшырайды

Иран Президенті Рухани Ислам Кеңесі Мәжілісінде өткен ұлықтау рәсімінде: «Әлем «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзудың кез келген жайтының Иран халқы мен үкіметінің біртұтас реакциясына ұшырайтынын білсін»,-деді.

Хасан Рухани осы рәсімде Теһранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бірінші болып бұзбайтынын айтып: «АҚШ-тың аталмыш бағдарламаны орындаудағы уәде бұзушылықтары  осы ел басшыларының заңсыз әрі тиімсіз санкция саясатын ұстанып, өзгелерді төмендетуді қалайтынын көрсетіп,  Вашингтонның әлем, тіпті оның байырғы одақтастары үшін серік немесе келіссөз жүргізуші тарап болуға сенімсіз екенін дәлелдеді.

Өздерінің қысқа мерзімді мүдделерін күйттеп, миллиардтаған доллар тұратын қару-жарақ сату арқылы аймақта тұрақсыздық пен шиеленістің одан ары артуына себеп болған шетелдік алпауыттар өз мақсаттарына жету үшін  қайшылық пен жікке бөлінушіліктің тұқымын себеді»,-деді.