Рухани Иран мен Қазақстан арасындағы келісімдердің тез арада орындалу қажеттігін қуаттады
ИИР Президенті Қазақстан Сыртқы істер министрімен кездесуінде Теһран-Астана әріптестігін нығайту қажеттігін қуаттап: «Иран мен Қазақстан арасында өте жақсы келісімдер жасалды. Оларды орындауды тездету екі ел мен аймақтың мүдделеріне сай болады»,-деді.
ИИР Президенті Хасан Рухани сенбі күні Иранның он екінші Президентін ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Теһранға келген Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен кездесуінде екі елдің терең достық қарым-қатынасына тоқталып: «Иран мен Қазақстан энергетика, темір жол тасымалы, Каспий теңізі арқылы туристер мен тауарларды тасымалдау, ауыл шаруашылығы мен елден тыс жерде егін егу саласында әріптестіктерін кеңейте алады. Иранда әсіресе мұнай-газ бен мұнай-химия салаларында көптеген жобалар бар. Қазақстан бұл жобаларға қатысып, инвестиция сала алады»,-деді.
Қайрат Әбдірахманов та осы кездесуде Астананың Теһранмен қарым-қатынасты одан ары нығайтуға күш салып жатқанын қуаттап: «ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иранмен қол жеткізілген келісімдердің орындалуын қатаң қадағалап отырады. Бүгінде екі ел басшыларының ортақ талпыныстары арқасында Теһран-Астана қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік деңгейіне жетті»,-деді.
Әбдірахманов Иранның Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құрамында болуын қолдағанына алғыс айтып, Руханиді Астанада өтетін Ислам ынтымақтастық кеңесі басшыларының ғылым мен технология тақырыбындағы саммитына қатысуға шақырды.