Иран АҚШ Конгресіне қарсы қарымта әрекетке барады
Тоғыз тарау мен 27 баптан тұратын АҚШ-тың аймақтағы авантюристік және лаңкестік әрекеттерімен күресу туралы жан-жақты жобасы Иран Ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитетінде қабылданды.
Алдағы жексенбі күні депутаттар тарапынан бекітілу үшін Иран Ислам кеңесі мәжілісінің ашық отырысында ұсынылатын АҚШ-тың аймақтағы авантюристік және лаңкестік әрекеттерімен күресу туралы жан-жақты жобасы жалпы шолу, түсініктемелер, стратегияны анықтау, АҚШ-тың лаңкестікті қолдауы, АҚШ-тың адам құқығын бұзуы, жазалау және қарымта шаралар, АҚШ-тың экономикалық санкцияларымен күресу, Иран азаматтарына қолдау көрсету және реттелген үйлесімдік жұмыстары секілді тоғыз тараудан тұрады. Бұл жоба Иран Ислам кеңесі мәжілісінің АҚШ Конгресінің Иранның "Ортақ қадамды" бұзды деген сылтаумен «Иранның тұрақсыздық тудыратын әрекеттерімен күресу туралы заң 2017» атты Иранға қарсы жаппай санкция туралы заң жобасын бекітуіне қарсы қарымта шара саналады.
АҚШ президенті Дональд Трамп "Ортақ қадам" бағдарламасы аясындағы теңгерімдерді бұзудан бөлек, Иран қол жеткізген көпжақты ядролық келісімді әлсіретіп, ИИР-н тұрақсыз әрі Азияның батысы стратегиялық аймағы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ел ретінде көрсетуге талпыныс жасап отыр. Трамп үкіметі "Ортақ қадам" бағдарламасынан тыс Иранға қарсы жан-жақты санкциялар жобасын жүзеге асыру үшін Иранның аймақтағы әрекеттерімен күресті сылтауратып, Иранның әскери әлеуетін әлсіретуді, содан кейін Иранды лаңкестікке қолдау көрсетеді және адам құқықтарын бұзады деп айыптауды көздеп отыр.
Мұндай жағдайда Иран Ислам кеңесінің мәжілісі АҚШ Конгресі жобасына қарсы бұл елдің Азияның батысы аймағындағы лаңкестікке демеушіліктен бастап, АҚШ-тың ел ішінде және одан тыс жерде халықты қырып-жою мен адам құқығын бұзуды қамтитын бүлдіргі рөлін дәлелдейтін жайттарды анықтау мақсатында жан-жақты жобаны бекітуді күн тәртібіне қойды. Иран Ислам кеңесі мәжілісінің Ислам революциясы Сақшылар корпусы мен оның әскери әлеуетіне қолдау көрсетуі АҚШ-тың Иранға қарсы зымырандық санкцияларына қарымта әрекеттерінің негізі саналады. АҚШ Иранның зымырандық қабілеті мен зымырандық сынақтар жүргізуін өзінің жеке түсінуі бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзу деп атап отыр. Иранның зымырандық әлеуеті туралы уәждер негізіндегі АҚШ-тың жобасы Иранды "сенімді қауіпсіздік" ұғымынан алыстатып, ақырында Иранның әскери қуатында маңызды рөл атқаратын Ислам революциясы Сақшылар корпусын нысанаға алудан басқаны көздемейді. Осы арада Иран СІМ ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми өткен дүйсенбі күні ақпарат отырысында АҚШ-тың Иранның зымырандық әлеуетіне байланысты уәждері жайлы: "Бұл уәждер шындыққа жанаспайды ірі орынсыз. Себебі Иранның зымырандық қабілеті оның ішкі және қорғаныстық мәселесі. Сондай-ақ, ол БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қайшы келмейді",- деп мәлімдеді.
АҚШ-тың Таяу Шығыс аймағындағы ДАИШ, "ан-Носрат" майданы секілді әсірешіл-лаңкестік топтарға қаржылай, қару-жарақ және барлау тұрғысынан қолдау көрсетуі Иран Ислам кеңесі мәжілісінің АҚШ-тың аймақтағы авантюристік және лаңкестік әрекеттерімен күрес туралы жобасында басты назарға алған мәселелердің бірі саналады. АҚШ-тың лаңкестікпен күресуде екітүрлі саясат ұстануы аймақ пен Иранның халқына өтелмейтін зарар келтірді. Осы салада АҚШ-тың саяси мәселелер жөніндегі сарапшысы Майк Харрис тамыздың сегізі күні Press TV ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-тың аймақта соғыс қылмысын жасағанын баяндай келе: "АҚШ-тың әскери күштері Сирия мен Ирак жерінде ДАИШ лаңкестеріне қолдау көрсетіп отыр",- деп баса айтты.