Қытайдың волейбол командасы іріктеу жарысында Иран командасынан жеңілді
https://itolqyn.com/news/iran-i29850-Қытайдың_волейбол_командасы_іріктеу_жарысында_Иран_командасынан_жеңілді
Иранның волейболдан ұлттық командасы осы елдің солтүстік-батысында орналасқан Ардебиль қаласында өтіп жатқан волейболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екінші ойында 3:0 есебімен Қытай командасын жеңді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 13, 2017 22:00 Asia/Almaty
  • Қытайдың волейбол командасы іріктеу жарысында Иран командасынан жеңілді

Иранның волейболдан ұлттық командасы осы елдің солтүстік-батысында орналасқан Ардебиль қаласында өтіп жатқан волейболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екінші ойында 3:0 есебімен Қытай командасын жеңді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Игорь Ковалевичтің шәкірттері Арбедильде өтіп жатқан волейболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің жалғасында сенбі күні түстен кейін Қытай командасымен ойнап, үш бөлімде 25:21, 29:27 және 25:20 есебімен басым түсіп, қарсыласын жеңді.

Бүгін, жексенбі күні іріктеу кезеңінің жалғасында Қытай командасы Оңтүстік Корея командасымен, ал Иран командасы Қазақстан командасымен  сайысқа түседі.

2018 жылы волейболдан өтетін әлем чемпионатына іріктеу жарысы тамыз айының 10-14 күндері Ардебильде өтіп жатыр.