Ыстамбул жарылысында ирандық азаматтың қаза болғаны расталды
Ыстамбул қаласындағы Иранның Консулдық қызметі сол қалада сенбі күні орын алған лаңкестік жарылыста бір ирандық азматтың қаза болғанын растады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ыстамбул қаласындағы Иранның Консулдық қызметі өз мәлімдемесінде: «Сенбі күнгі Ыстамбулдың Тәуелсіздік көшесінде орын алған лаңкестік әрекеттің салдарынан 5 адам қаза болып, 36 адам жарақат алды. Қаза болған азаматтардың біреуі ирандық азамат болды. Зардап шеккендердің көбісін шетелдік туристер құрап отыр.
Түркия басшыларымен кездесу мақсатында сол елде сапармен жүрген Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Ыстамбулдан кетпестен бұрын жарақат алып, ауруханаға түскен ирандықтардың бірімен телефон арқылы сөйлесіп, оның хал-жағдайын аурухана дәрігерлерінен қадағалап сұрады.
Түркия қауіпсіздік күштерінің мәліметі бойынша, Ыстамбулдағы лаңкестік жарылыста өлген бес адамның бірі лаңкестік шабуыл жасаушының өзі болған.