Иран Сыртқы істер министрі Түркия Президенті және Премьер-министрімен кездесті
Иран Сыртқы істер министрі Түркия Президентімен кездесіп, екіжақты және аймақ қарым-қатынастары туралы пікір алмасты.
Иран Телерадио бірлестігінің мәліметі бойынша, Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған сенбі күні өткен кездесуде Иран мен Түркияның қарым-қатынастарын дамытуды екі елдің мүдделері мен аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығы үшін маңызды деп атады.
Реджеп Тайып Эрдоған ИИР Президентін Түркияға тағы сапар шегуге шақырып, бірлесіп, екі ел арасындағы экономикалық айналымды 30 миллиард долларға көтеру қажеттілігін қуаттады. Эрдоған Батысты Ислам әлемін әлсіретуші фактор деп атап: «Иран мен Түркия аймақ мәселелерін шешу сынды ауқымды міндетке ие»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф те бұл кездесуде Түркия мен Иранның ауыр жағдайдағы достық қарым-қатынастарына тоқталып, жаңа жағдайда екі елдің қарым-қатынастарын жақсартуға мүдделік танытты.
Иран Сыртқы істер министрі Түркиядағы кеңесулерінің жалғасында сол елдің Премьер-министрімен кездесті.
Түркия Премьер-министрі Ахмад Давудоғлы Иран Сыртқы істер министрімен кездесуінде Иранға қарсы санкциялардың күші жойылған кезеңде Түркияның бұл елмен ең жақсы қарым-қатынас орнататындығын қуаттап: «Иран мен Түркияның экономикасы бір-бірін жетілдіреді. Екі ел қалыпты тәсілдерден өтіп, сауда айналымның жаңа үлгілеріне жетулеріне керек»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф те бұл кездесуде Иран мен Түркияның екі жақты және аймақ деңгейіндегі жан-жақты ынтымақтастықтарының өрістеуі қажеттілігін қуаттап: «Иран ауыр жағдайда бірге болған достарын еш уақытта ұмытпайды»,- деп қуаттады.