Ислам революциясы жетекшісінің жаңа жылдың басталуына орай жолдауы
(last modified Sun, 20 Mar 2016 13:36:13 GMT )
Нау 20, 2016 19:36 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің жаңа жылдың басталуына орай  жолдауы

Иран Ислам революциясының жетекшісі хиджри шамси күнтізбесінің 1395-ші жылының басталуына қатысты жолдауында барлық отандастары мен барлық ирандықты Жаңа жылдың басталуы және Наурыз мейрамымен құттықтап, келген жылды «Қарсыласу экономикасы: әрекет жасап, іске асыру» жылы деп атады.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бүгін, жексенбі күні хиджри шамси күнтізбесінің 1395-ші жылының Исламның ұлық пайғамбарының ардақты қызы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығымен басталуы және аяқталуына тоқталып, жаңа жылдың Иран халқы үшін мүбәрәк болып, ұлы банудың рухани байлығы, ақыл-кеңестері және өмірінен ғибрат алатындығына үміттенді.

Ислам революциясының жетекшісі хиджри шамси жыл санағы бойынша өткен 1394-ші жыл басқа жылдар сынды тәтті мен ащы, құлдырау мен шарықтауларға және мұрсаттар мен қоқан-лоққыларға толы жыл болды. Мина апатының ащылығы және 22-ші баһман шеруі мен 7-ші эсфанд сайлауларының шаттығы, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының тәжірибесі және соған қатысты туындаған үміттер мен алаңдаушылықтар 1394-ші жылдың оқиғаларының қатарын құрады»,- деді.

Аятолла Хаменеи өз сөзінде Иран халқының қоғамдық қозғалысындағы негізгі мәселелерге тоқталып: «Иран халқы дұшпанның қоқан-лоққыларынан зардап көрмейтіндей батыл қимылдауы керек»,- деп ескертті.

Ислам революциясының жетекшісі бұл маңызды қозғалыстың бірінші әрі жылдам іске асыратын мәселесін экономика деп атап: «Егер Иран халқы мен үкіметі және барлық қайраткерлері экономикалық мәселеге қатысты дұрыс әрі орынды жұмыс жасаса, бұл жұмыстар қоғамдық мәселелер мен зардаптарға және ахлақ пен мәдениет мәселелеріне де әсер етеді»,- деп қосты.

Ислам революциясының жетекшісі ішкі өнім, жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздықты жою, экономикалық даму және құлдыраумен күресуді елдің экономикасының негізгі мәселелері деп атап: «Бұл халыққа қатысты мәселелер. Халық олардың шешілуін талап етуде. Үкімет басындағылардың мәліметтері мен сөздері халықтың бұл қалауы мен талаптарының орынды екенін көрсетеді»,- деді.

Аятолла Хаменеи қарсыласу экономикасын экономикалық мәселелердің шешімі және халықтың талаптарының жауабы деп атап: «Қарсыласу экономикасымен жұмыссыздық, құлдырау мен қымбатшылықты жойып, дұшпандардың қоқан-лоққыларына қарсы тұрып, ел үшін көптеген мұрсат тудырып, оларды пайдалануға болады»,- деп баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі мұндай табыстарға жетудің шарттарын еңбек, талпыныс және қарсыласу экономикасы деп атап, үкімет басындағылардың міндетін қарсыласу экономикасына іс жүзінде кірісу деп анықтап: «Қарсыласу экономикасы бағдарламасын іске асыруды жалғастырып, халыққа нәтижесін көрсету қажет»,- деп қуаттады.

Аятолла Хаменеи «Қарсыласу экономикасы: кірісі және іске асыруды» елдің қажеттіліктерін қамтитын тура және айқын жол деп атап, бұл салада талпыныс жасаушылардың барлығына алғыс айтып: «Егер қарсыласу экономикасы дұрыс жобаланған бағдарламалармен іске асырылса, жылдың соңында нәтижелері көрінеді»,- деп қуаттады.