Генерал-майор Бақери Ирак Күрдістанында референдум өткізудің салдарлары жайлы ескертті
https://itolqyn.com/news/iran-i29982-Генерал_майор_Бақери_Ирак_Күрдістанында_референдум_өткізудің_салдарлары_жайлы_ескертті
ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы генерал-майор Мұхаммад Бақери Ирактың Күрдістан аймағында референдум өткізудің салдарлары жайлы ескертті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 17, 2017 17:30 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Бақери Ирак Күрдістанында референдум өткізудің салдарлары жайлы ескертті

ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы генерал-майор Мұхаммад Бақери Ирактың Күрдістан аймағында референдум өткізудің салдарлары жайлы ескертті.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, генерал-майор Мұхаммад Бақери сәрсенбі күні Анкарада Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездескеннен кейін: «Ирактың Күрдістан аймағында референдум өткізу бұл елде шиеленістер мен қақтығыстардың жаңа толқынын тудырады. 

Теһран мен Анкараның Ирактың Күрдістанында референдум өткізу жайлы көзқарастары ортақ, өйткені мұндай іс атқарылған жағдайда оның салдарлары Иракқа көршілес елдерге, соның ішінде Иран мен Түркияға әсер ететін болады»,-деп ескертті.

Сондай-ақ, генерал-майор Мұхаммад Бақери сәрсенбі күні кешке Анкарада Түркияның жоғары лауазымды саяси және әскери басшыларымен кездескеннен кейін ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Екі ел барлық салаларда, әсіресе әскери-қорғаныстық салада әріптестікті арттыруға шешім қабылдады»,-деді. 

Генерал-майор Мұхаммад Бақери, сондай-ақ, өзінің Түркия Президентімен кездесуіне тоқталып: «Режеп Тайып Ердоған жақын болашақта Теһранға келіп, екі ел арасында саяси-экономикалық, мәдени және әскери қарым-қатынастарды дамыту мақсатымен ортақ стратегиялық комиссияның отырысын өткізетінін жариялады»,-деді.