ДАИШ пен лаңкестердің демеушілері – жаңа ғасырдағы жеккөрініш пен екіжүзділіктің айқын мысалы
(last modified Fri, 18 Aug 2017 13:27:17 GMT )
Там 18, 2017 19:27 Asia/Almaty
  • ДАИШ пен лаңкестердің демеушілері – жаңа ғасырдағы жеккөрініш пен екіжүзділіктің айқын мысалы

ИИР президенті Рухани ДАИШ пен лаңкестердің демеушілерін жаңа ғасырдағы жеккөрініш пен екіжүзділіктің айқын мысалы деп атап: "Лаңкестер тек сөз жүзінде ғана иман туралы уәж айтады",- деді.

Хасан Рухани Теһранда Қасиетті қорғаныс кезеңі ардагерлерінің бірімен кездесуінде: "Егер тәкфирлік лаңкестер Ирак пен Сирияда билікке қол жеткізгенде, Исламның абыройы мен қадір-қасиеті қалмас еді",- деді.

Рухани сондай-ақ Аһле бейт (ғ.с) кесенелерін қорғаушылардың жанпидалығы мен батылдығын тілген тиек етіп: "Қасиетті кесенелерді қорғаушылардың жанқиярлығы болмағанда, тек Ирак және Сирия ғана емес, бүкіл аймақ тәкфирлік лаңкестіктен зиян шегетін еді.

Ислам әлеміндегі қазіргі жағдайда мұсылмандарды тек жанпидалық пен жанқиярлық қана құтқарады",- деп баса айтты.