АҚШ бұрынғы қателіктерінен сабақ алсын
БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Хошру ИИР-ның әрдайым бейбітшілік пен тұрақтылықты мақсат ететінін баса айтып: "Америкалық басшылар бұрынғы қателіктерінен сабақ алуы тиіс",- деп мәлімдеді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ғоламали Хошру жұма күні БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейлидің Иранға қарсы айтқан арандатушы уәждеріне жауап ретінде мәлімдеме жариялап: "Никки Хейлидің тамыздың он бесі күні айтқан сөздері өтірік.
Никки Хейлидің жуырда Иранға қарсы айтқан өткір сөздері мен негізсіз айыптаулары Иранды қатерлі етіп көрсету және АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасын әлсірету мақсатындағы америкалық басшылардың арандатушы әрекеттері, әшкере қоқан-лоққылары мен жауапсыз әрекеттерінің бір мысалы саналады",- деді.
Никки Хейли өткен сейсенбі күні: "ИИР зымыран ұшырғаны, лаңкестікке қолдау жасағаны мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын бұзғаны үшін жауап беруі тиіс",- деген болатын.
Ғоламали Хошру өз мәлімдемесінде: "АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі тарихтан сабақ алып, АҚШ-тың кейбір лауазымды тұлғаларына сол бұрынғы қателіктерін қайталамауды үйретуі тиіс",- деді.