Экономикалық қарым-қатынастарды дамыту штабының хатшысы Сирия Премьер-министрімен кездесті
ИИР Вице-президентінің кеңесшісі әрі Иран мен Сирия және Ирак экономикалық қарым-қатынастарын дамыту штабының хатшысы сейсенбі күні Дамаскте Сирия Премьер-министрі Имад Хамиспен кездесіп, екі елдің экономикалық ынтымақтастықтарын дамыту туралы пікір алмасты.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Имад Хамис бұл кездесуде Дамасктегі 59-шы халықаралық көрмеге көптеген ирандық компаниялардың қатысуын Иранның Сириямен экономикалық қарым-қатынастарын кеңейту саласындағы шынайы жігерінің белгісі деп бағалады.
Сирия Премьер-министрі ИИР-ның Сирия халқы мен үкіметіне жан-жақты қолдау көрсетуіне алғыс айтты.
Иран мен Сирия және Ирактың экономикалық қарым-қатынастарын дамыту штабының хатшысы Оухади да кездесуде Теһранның Сириямен қарым-қатынастарын кеңейтуді қалайтынын айтты. Оухади әртүрлі мемекеттердің Дамасктегі халықаралық көрмеге қатысуын Сирияның экономикасының жақсаруы мен бұл елдің көрмеге қатысатын елдермен қарым-қатынастарын кеңейту үшін жақсы мүмкіндік деп атады.