Иран саудиялық қырғи ұшақтардың Йеменге жасаған шабуылын айыптады
https://itolqyn.com/news/iran-i30182
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы саудиялық қырғи ұшақтардың сәрсенбі күні таңертең Йеменнің Сана облысындағы Арджаб ауданында орналасқан бір жатақханаға жасаған шабуылын айыптады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 24, 2017 15:16 Asia/Almaty
  • Иран саудиялық қырғи ұшақтардың Йеменге жасаған шабуылын айыптады

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы саудиялық қырғи ұшақтардың сәрсенбі күні таңертең Йеменнің Сана облысындағы Арджаб ауданында орналасқан бір жатақханаға жасаған шабуылын айыптады.

Саудиялық қырғи ұшақтардың жатақханаға жасаған шабуылы салдарынан кемінде 46 адам қаза тауып, көп адам жараланды.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бахрам Қасеми  сәрсенбі күні кешке БҰҰ мен халықаралық ұйымдардан  саудиялық режим тарапынан бейбіт йемендіктердің өлтірілуін тексеруді сұрады.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы осы шабуылда құрбан болғандардың туыстарына көңіл айтып: «Саудиялық режимнің тұрғын аудандар мен азаматтық нысандарға шабуылдарын күшейтуі және халықаралық ұйымдардың көмек жеткізуіне тосқауыл қоюы гуманистік құқық негіздері мен қағидаларын бұзу болып табылады»,-деді.

Қасеми, сондай-ақ, БҰҰ мен Йемен дағдарысына ықпал ете алатын елдерден  саудиялық режимнің шабуылдарын тез арада тоқтатуға бағытталған талпыныстарды арттырып, бейбіт тұрғындардың, әсіресе әйелдер мен балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау үшін тиісті шара атқаруды сұрады.