Иран "Ортақ қадам" келісімінде тыйым салынған бөлімдерге кіруге жол бермейді
Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы: "Иран ешбір тарапқа "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында тыйым салынған бөлімдерге кіруге рұқсат бермейді" деді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми жексенбі күні Иранның Телерадио бірлестігіне берген сұхбатында: "АҚШ Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіне өз талап-тілектерін таңа алмайды. Иран Агенттікке ескерту жасап, қажетті кеңестер де берді" деді.
Ғасеми АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Никки Хейли мен АҚХА-нің бас хатшысы Юкио Аманоның Иранның ядролық жұмыстары туралы келіссөздеріне тоқталып: "АҚШ нәтижесіз әдіс-тәсілдерді пайдаланып, Иранның Агенттікпен әріптестік жасамай, "Ортақ қадам" келісімін бұзуы туралы уәждер айтып келеді. Алайда Иранның қырағылығы оларға тосқауыл болды" деді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы "алтылық тобының" еуропалық мүшелеріне қаратып: "Олар АҚШ-тың біржақты саясаттарымен күресіп, бір елдің "Ортақ қадам" келісімін біржақты түрде бұзуына жол бермеуі керек" деп баса айтты.