Иран "Ортақ қадам" бағдарламасы бойынша "қызыл сызықтан" аспайды
https://itolqyn.com/news/iran-i30310
Иран СІМ Ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіндегі өз міндеттемелеріне беріктігін мәлімдеп, қызыл сызықтан аспайтынын баса айтып: ""Ортақ қадам" келісімдерінде тыйым салынған салаларға ешкімге араласуға рұқсат бермейміз",- деді. Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Әли Акбар Салехи Кванттық технологиялар бойынша бірінші ұлттық конференция аясында тілшілердің алдында: ""Ортақ қадам" бағдарламасынан оңай айрылатындай оған оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз",- деп айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 28, 2017 16:57 Asia/Almaty
  • Иран

Иран СІМ Ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіндегі өз міндеттемелеріне беріктігін мәлімдеп, қызыл сызықтан аспайтынын баса айтып: ""Ортақ қадам" келісімдерінде тыйым салынған салаларға ешкімге араласуға рұқсат бермейміз",- деді. Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Әли Акбар Салехи Кванттық технологиялар бойынша бірінші ұлттық конференция аясында тілшілердің алдында: ""Ортақ қадам" бағдарламасынан оңай айрылатындай оған оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз",- деп айтты.

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Әли Акбар Салехи кванттық технологиялар бойынша бірінші ұлттық конференция аясында тілшілерге берген сұхбатта: ""Ортақ қадам" бағдарламасынан оңай айрылатындай оған оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз",- деп баса айтты.

Бұл баса айтылған сөздер АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейлидің Венаға сапары кезінде Вашингтонның күн тәртібінде болған АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасына қарсы жаңа әрекеттеріне берілген жауап саналады. АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі тамыздың жиырма үші күні АҚХА бас директорымен кездескеннен кейін өткен баспасөз отырысында: ""Ортақ қадам" бағдарламасында Иранның әскери және әскери емес нысандарын тексеруде айырмашылық көрсетілмеген",- деп мәлімдеді.

Бұл сөздер тағы да АҚШ-тың ескі уәждерін қайталап, АҚХА арқылы Иранға қысым көрсетуге талпыныс жасап жатқанын дәлелдейді. Бірақ, Иранның бұған байланысты ұстанымы айқын әрі ашық. АҚХА-мен жұмыстың шеңбері анықталған және анық. Иран "Ортақ қадам" бағдарламасы шеңберінде бұл ұйыммен ең жақсы түрде ынтымақтастық жасап келді. Атом Қуаты Халықаралық Агенеттігі де өзінің көптеген баяндамаларында Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасына толық беріктігін кесімді түрде мәлімдеген болатын. Алайда, бұл жерде АҚХА-ның АҚШ ықпалына түсуі деңгейі күмән тудырып отыр. АҚХА алдыңғы жұмыс дәптерінде осы саладағы көптеген осал тұстарын көрсеткен болатын. Бұрынғы тәжірибені қайталау тек АҚХА-ның абыройын түсіріп қана қоймай, сондай-ақ "Ортақ қадамның" барлық тараптары, яғни  Еуроодақ, Ресей мен Қытай үшін де көп шығын келтіреді.

Қазір Еуропа одағы Иранмен ірі экономикалық келісімдер жасап, Total секілді ірі компаниялар Иранға инвестиция салып жатыр. Қытай мен Ресей де Иранмен стратегиялық ынтымақтастықтар жасауда.

Халықаралық мәселелердің сарапшысы Хосейн Бехештипур "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен АҚШ-тың осыған қатысты міндеттемелерін орындамауына байланысты: "АҚШ "Ортақ қадам" мәселесіне қатысты екі сала бойынша өз міндеттемелерін орындамай отыр. Біріншіден, АҚШ Иранға қарсы санкцияларын тоқтатуға міндеттелгенімен, санкциялардың күшін жойған жоқ. Бұл мәселе "Ортақ қадам" бағдарламасында айтылған. Себебі, АҚШ бұл басқару құралын өзінің қолына алғысы келеді. АҚШ өз міндеттемелерін орындамай отырған екінші салаға бұл елдің әлемде Иранға қарсы теріс кеңістік тудырып отырғаны жатады. Осылайша олар әртүрлі елдерді Иранмен ынтымақтастықтан бас тарттыруды көздеп отыр".

АҚШ "Ортақ қадамға" қарсылық білдірмегенімен, Иранның жүйесінің негізіне қарсы болып отыр. Ислам революциясының жетекшісі бірнеше күн бұрын Иран президенті мен жаңа үкімет мүшелерін қабылдауында: "Дипломатия мәселелерінде өз революциямызды мақтан тұтып, үстемшілдікке қарсы табандылық танытып, қанаушылық және езгімен күресіп, үстемшіл жүйеге қарсылық білдіру секілді революцияның арқасында пайда болған мәселелерге, яғни ұлттық мәселелерге сай әрекет етіп, ғиззатқа бөлену керек",- деді.